» » Аудан әкімі жастармен кездесті

Аудан әкімі жастармен кездесті

qarmaqshy-tany.kz ЖАСТАР – ЕЛДІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ. ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ДА ЖАСТАР, СОНДЫҚТАН ОЛАРҒА ҮЛКЕН ҮМІТ АРТЫЛАДЫ. БҮГІНДЕ АУДАНЫМЫЗДА ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА БІРШАМА ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛЫП, ЖАСТАР САЯСАТЫ, ЖАСТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ. ОСЫ ОРАЙДА АУДАН ӘКІМІ ЖАНДОС ЕРКІНБЕК «QADAM СТУДИЯ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУДАН ЖАСТАРЫМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСТІ.
Оған ауданның рухани-әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген талантты жастар, жас ғалымдар, волонтерлер, жас мамандар, қоғамдық ұйым мүшелері, әр саланың белсенді жастары қатысты.
Аудан басшысы бірінші кезекте жетістікке жеткен жас кәсіпкерлердің көрмесімен танысып, спортшылармен теннис үстелінде ойын көрсетті. Жиынды аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірназаров жүргізіп отырды. Кездесуде қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, аудан басшысымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ іс-шара барысында аудан әкімі ауданның даму жолында қандай мәселелер, алдағы уақытқа қандай идеялар бар екенін сұрап, жастардың ой-пікірлерін тыңдап, еркін тақырыпта әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, әркез аудан жастарының бастамаларын қолдауға дайын екендігін жеткізді. Одан соң еліміздегі жастарды қолдау бағытындағы бастамалар, ауданда жастар саясаты саласындағы жетістіктер мен алдағы міндеттерге тоқталды. Өз кезегінде аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры орталықтың жастарды қолдау бағытында атқарып жатқан жұмыстары мен осы жылы ауданда жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды.
Жастары белсенді елдің ертеңі — жарқын. Аудан басшысы қоғамның жас өкілдерін барлық салада атсалысып, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында аянбай еңбек етуге шақырды. Кездесу соңында барлық қатысушы жастар бірге ән шырқап, аудан әкімімен естелік суретке түсті.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
19 ақпан 2023 ж. 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930