» » Ауданда жастар форумы өтті

Ауданда жастар форумы өтті


Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков «Қармақшы жалынды жастар мекені» атты жастар форумына қатысты.
Форумда сөз алған аудан әкімі әлемдік пандемия кезеңінде ауданымыздың жастары белсенділікпен ұйымдасып тұрғындарға қол ұшын созған еріктілердің істеріне ризашылығын жеткізді.
Волонтерлар жылын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған форумға Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Мастеков Бауыржан Қайырбекұлы және Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан жастар орталықтарының басшылары және аудан жастары қатысты. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров 11 аталым бойынша «Үздік волонтерлар» марапаты мен белсенді жастарға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.
Сонымен бірге жастар мәслихатының депутаттарының куәліктері мен төсбелгілері берілді.
Форумға арнайы қатысқан облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Б. Мастеков жастарға құттықтауын жеткізіп, саланың дамуына үлес қосып жүрген жастарымызға алғыс хаттар табыстады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 желтоқсан 2020 ж. 1 097 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 997
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 672

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031