» » Өр рухын өлтірмеген жігерлі жастармен кездесу

Өр рухын өлтірмеген жігерлі жастармен кездесу

Халықаралық жастар күніне орай аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы «Жастар үйінде» болып, ауданның белсенді жастарымен кездесіп, пікір алмасты.
Кездесу барысында аудан әкімі жастарды мерекелерімен құттықтап, жастарға кәсіпкерлік саласы мен мал шаруашлығын дамыту жөнінде ой-бөлісіп, ниет білдіруші жастарға қашан да қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізді.
Сонымен бірге, шарада өңірімізде жастар саясатының жүзеге асырылуына үлесін қосып, әр түрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген жастарды аудан әкімі «Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Жалынды жастар қай кезде де айтар ойын ашық жеткізуге құштар екені белгілі. Бұл кездесуде де аудан басшысы жастардың көкейтесті мәселелеріне құлақ асып, алдағы уақытта шешу бағытында тиісті шаралар қабылданатындығын айтты.
Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз сөйлеп, аудан жастарының өсіп-өркендеп, болашақ дамуына байланысты ақ батасын берді.
Кездесу соңында сөз алған жастар ресурстық орталығының директоры Сырым Әділбеков қазіргі кезде Қасиетті Қармақшы өңірінде өсіп келе жатқан әрбір жастың тұлға болып қалыптасуына жастар орталығы тынымсыз жұмыс жасап келе жатқандығын білдірсе, белсенді жастар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.
Келелі кездесу орталық алаңда «Ел ертеңі – Жалынды Жастар» атты жастардың мерекелік кешіне ұласты.
13 тамыз 2022 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930