» » Qadam студияда аудан әкімі жастармен кездесті

Qadam студияда аудан әкімі жастармен кездесті

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбек «Qadam студия» жобасы аясында аудан жастарымен еркін форматта кездесті. Кездесуге ауданның рухани – әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосып жүрген талантты жастар, жас ғалымдар, кәсіпкерлер, волонтерлер және түрлі сала бойынша жас мамандар қатысты.
Ең алдымен аудан басшысы жетістікке жеткен жастар және жас кәсіпкерлердің көрмесімен танысып, жас спортшылармен теннис үстелінде достық ойын жасады.
Одан соң жастармен еркін кездесуде еліміздегі жастарды қолдау бағытындағы бастамалар, ауданда жастар саясаты саласындағы жетістіктер мен алдағы міндеттерге тоқталды.
Кездесу барысында аудан әкімі жастардың сұрақтары мен ұсыныс – пікірлеріне жауап беріп, әркез аудан жастарының бастамаларын қолдауға дайын екендігін айтты.
Өз кезегінде аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірназаров орталықтың жастарды қолдау бағытында атқарып жатқан жұмыстары мен 2023 жылы ауданда жүзеге асырылатын жобалар туралы таныстырды.
Кездесу соңында барлық қатысушы жастар бірге ән шырқап, аудан әкімімен естелік суретке түсті.

15 ақпан 2023 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031