» » Қорқыт ата университетінде өңір жастарына арналған «Amanat AI ToT» оқыту бағдарламасы басталды

Қорқыт ата университетінде өңір жастарына арналған «Amanat AI ToT» оқыту бағдарламасы басталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Kyzylorda Hub алаңында «Amanat» партиясының Қызылорда облыстық филиалымен бірлескен өңір жастарына арналған «Amanat AI ToT» жасанды интеллект бойынша оқыту бағдарламасы өз жұмысын бастады.
Бағдарламаның ашылу рәсімінде «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай сөз сөйлеп, жобаның негізгі мақсатына тоқталды. Ол өз сөзінде жасанды интеллекттің бүгінгі таңда тек ІТ саласының мамандарына ғана емес, барлық бағыттағы мамандар үшін қажетті маңызды дағдыға айналғанын жеткізді.
Іс-шараға университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева қатысып, оқу орнында жасанды интеллект бағыты қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларына заманауи цифрлық технологиялар енгізіліп, студенттердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға ерекше мән беріліп отырғанын жеткізді. 
Аталған шара Қазақстандағы Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында, сондай-ақ «Цифрлық мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. 
Екі күнге жоспарланған бағдарламаға өңірдің әр ауданынан келген 30 жас қатысуда. Оқытудың басты мақсаты – аудан жастарына жаңа технологияларды меңгертіп, оларды өз өңірлерінде білім тарататын тренерлер деңгейіне дейін жеткізу және жасанды интеллект сауаттылығын арттыру.
Бағдарлама аясында қатысушылар генеративті жасанды интеллект негіздерімен танысып, нейрожелілермен жұмыс істеу қағидаттарын, тиімді сұраныс (промпт) құрастыру тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен мәтін, сурет және презентациялар әзірлеу, Vibecoding бағыты арқылы бағдарламалау тілдерін терең білмей-ақ цифрлық өнімдер жасау, сондай-ақ күрделі технологиялық ұғымдарды қарапайым тілмен түсіндіру және жергілікті деңгейде оқыту жұмыстарын ұйымдастыру әдістері бойынша білім алады. 
Бұл бастама өңір жастарының цифрлық дағдыларын дамытып қана қоймай, олардың инновациялық ойлау қабілетін арттыруға және заманауи технологияларды тиімді қолдана білетін жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған.
19 наурыз 2026 ж. 94 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 534

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930