» » САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТЫҢ ТӘСІЛДЕР

САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТЫҢ ТӘСІЛДЕР

Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде «Заманауи мектептегі денешынықтыру: ұлттық құндылықтар мен инновация үндестігі» тақырыбында денешынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты мұғалімдерге денешынықтыру сабақтарында ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, инновациялық әдістерді тиімді қолдану жолдарын көрсету, заманауи педагогикалық тәжірибелермен таныстыру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру болды. Аталған семинарға 29 мектептен денешынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар заманауи білім беру талаптарына сай денешынықтыру сабағын ұйымдастырудың тиімді жолдарын талқылады. Сондай-ақ №277 мектеп-лицейінің денешынықтыру пәні мұғалімдері ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерді сабақ үдерісіне кіріктіру тәжірибелерімен бөлісті.
Мұнан өзге инновациялық әдіс-тәсілдер, цифрлық ресурстарды қолдану, оқушылардың қызығушылығын арттыру мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында құнды ойлар айтылды.Іс-шара аясында ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, спорттық сайыс өткізіліп, әріптестер арасында тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты.
Сонымен бірге мұғалімдер өзара пікір алмасып, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды. Соңында Ұлттық құндылықтар мен заманауи технологияларды ұштастыра отырып, болашақ ұрпақтың дені сау, рухы биік болып қалыптасуына бірге күш жұмсауға шақырды.
«ҚТ» ақпарат
25 сәуір 2026 ж. 19 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 960
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 596

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930