» » STEAM – БІЛІМ БЕРУ: БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

STEAM – БІЛІМ БЕРУ: БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «STEAM-оқыту: бастауыш сыныптағы инновациялық тәжірибе» тақырыбында мазмұнды әрі ауқымды семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты — мұғалімдерге STEAM бағытындағы оқытудың маңызын түсіндіру, пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдарын көрсету.

Қатысушылар: Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар барысы келесі кезеңдерден тұрды:
Ашылу бөлімі: Қызылорда облыстық оқу орталығының бөлім басшысы Смағұлова Гүлшат Амантайқызы семинардың маңыздылығын атап өтіп, STEAM білім берудің қазіргі білім жүйесіндегі өзектілігіне тоқталды. Ол бұл бағыттың оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы рөлін айқындап, мұғалімдерге осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізудің қажеттілігі туралы ой бөлісті.

Теориялық бөлім: STEAM оқытудың негізгі қағидалары мен ерекшеліктері таныстырылып, бастауыш сыныптарда оны тиімді енгізу жолдары түсіндірілді.

Практикалық алаң: Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, жобалық жұмыстарға қатысып, LEGO және өзге де құралдар арқылы қарапайым модельдер құрастыру жұмыстарын жүргізді.

Тәжірибе алмасу: Мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі пәндер бойынша кіріктірілген сабақ үлгілерін ұсынды.
Коучинг алаңы: Қызылорда қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Н.Ж. Базарханова «Бастауыш сыныптағы STEM: оқытудың біріктірілген тәсілі» тақырыбында коучинг өткізіп, әріптестер арасында кәсіби диалог қалыптастырды.

Шығармашылық бөлім: Бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Көктем достары» тақырыбындағы көлеңке театры ұсынылып, STEAM бағытының шығармашылық қыры айқын көрініс тапты.

Қорытынды бөлім: Семинар соңында қатысушылардан кері байланыс алынып, іс-шараның мазмұнды, пайдалы әрі тәжірибеге бағытталғаны ерекше атап өтілді. STEAM технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі сараланды. Сонымен қатар, семинарға белсенді қатысқан мұғалімдерге арнайы сертификаттар табысталды.

Өткізілген семинар мұғалімдерге заманауи білім беру үрдісіне бейімделуге, инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға және оқыту сапасын арттыруға үлкен серпін берді.

19 сәуір 2026 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 935
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 573

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930