» » Облыстық семинар «Қалыптастырушы бағалау - білім сапасын арттырудың тәсілі»

Облыстық семинар «Қалыптастырушы бағалау - білім сапасын арттырудың тәсілі»

qarmaqshy-tany.kz Облыстық оқу орталығының және Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Қармақшы ауданындағы №107 орта мектеп базасында "Қалыптастырушы бағалау- білім сапасын арттырудың тәсілі" атты тақырыбында облыстық семинары болып өтті.
Қала мен ауыл мектептері педагогтерінің тәжірибесін бөлісуге арналған семинарға Қызылорда облыстық оқу орталығының жалпы білім беру бөлімінің меңгерушісі Г.Смағұлова, Қармақшы аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Наукебаева және облыс көлеміндегі шығармашылықпен жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдері қатыстырылды.
Семинар барысында қатысушылар "Киберкеңістікке саяхат" тақырыбындағы семинардың ашылуын, "Креативті, жаңашыл ұстаз—мектептің жүрегі, шәкірттің тірегі" атты пән бірлестіктерінің шығармашылық жұмыстарымен таныса отырып, ашық сабақтар, коуч сессия, тимбилдинг - тренинг және мектептің мәжіліс залындағы "Болашақ" мектеп парламенті мүшелерінің қатысуымен өткізілген "Мектеп театры" жобасы аясындағы "Менің атым - Қожа" және "Соқыр ана" сахналық қойылымдарын тамашалады. Қорытынды бөлімінде семинар жұмысын қорытындылау, пікір алмасу мақсатында облыстық оқу орталығының жалпы білім беру бөлімінің меңгерушісі Гүлшат Амантайқызы сөз алып, "Тәжірибе алмасу - кәсіби дамудың басты жолы. Осындай семинарларға қатысу арқылы - қоржынға қажетті қор жинадыңыздар. Болашақта осындай республикалық деңгейдегі құнды семинарлар жалғасын таба берсін"-деп өз сөзін қорытындылады.

06 наурыз 2023 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930