» » Облыстық семинар: «Халықаралық зерттеулер: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»

Облыстық семинар: «Халықаралық зерттеулер: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Е.Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінің базасында Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен «Халықаралық зерттеулер: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбындағы облыстық семинар жұмысы болып өтті.

Семинар жұмысына облыстық оқу орталығының жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Смағұлова Гүлшат Амантайқызы, Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Әбенова Тәжігүл Жақсылыққызы және облыс педагогтары қатысты.

МЖМБС-ның талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау; халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастырудың мазмұнын жетілдіру, зерттеу тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдарын анықтау мақсатында өткізілген семинар жұмысында сыныптан тыс жұмыстар, казино-сабақ, интеграцияланған сабақ, визуалды саяхат сабақ, дуэт сабақ, математикалық турнир, дебат, ата-аналармен тренинг, жоба-зерттеу, коучинг жұмыстары өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, семинарға қатысушылар тарапынан оң бағасы беріліп, өзара тәжірибе алмасу болды.
Облыстық оқу орталығының жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Смағұлова Гүлшат Амантайқызы 2022 жылдың қараша, желтоқсан айларында білім беру ұйымдарында өткізілген PISA халықаралық зерттеуінің ерекшеліктеріне тоқталып, таныстырылым жасады. Семинар соңы кері байланысқа ұласып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс көрсеткен әріптестерге сертификаттар табысталды.

30 қаңтар 2023 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930