» » АУДАНДЫҚ СЕМИНАР: БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҒАН БЕЛЕС

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР: БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҒАН БЕЛЕС


Жасанды интеллект — бүгінгі білім беру саласының ажырамас бөлігі. Осы бағытты бағдар еткен №85 мектепте аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ЖИ көмегімен оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сабақ барысында заманауи цифрлық құралдарды (ЖИ) тиімді қолдану арқылы оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысын жақсарту мақсатында өткізілген семинарда
Инновациялық тәсілдер: Қазақ тілі сабақтарында жасанды интеллект арқылы тапсырмалар құрастырудың тиімді жолдары көрсетіліп, тәжірибе алмасу мақатында оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті әдіс-тәсілдер талқыланды.

«Заман талабына сай ұстаз — үнемі ізденіс үстіндегі тұлға» бөлімі арқылы семинар қатысушылары жаңа технологияларды сабаққа енгізу арқылы оқушы қызығушылығын арттыруға болатынын іс жүзінде дәлелдеді.
Ұйымдастырушылар мен белсене қатысқан әріптестерге алғыс білдіреміз! Білім жолындағы ізденістеріміз жемісті болсын!

15 ақпан 2026 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930