АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Байқоңыр қаласы №277 мектеп-лицейінде «Заманауи мектептегі денешынықтыру: ұлттық құндылықтар мен инновация үндестігі» тақырыбында денешынықтыру пәнімұғалімдеріне арналған аудандық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты мұғалімдерге дене шынықтыру сабақтарында ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, инновациялық әдістерді тиімді қолдану жолдарын көрсету, заманауи педагогикалық тәжірибелермен таныстыру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру болды. Аталған семинарға Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері Төлепбергенұлы Сейілбек және Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы, Ақай, Төретам кенттеріндегі 29 мектептен дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар заманауи білім беру талаптарына сай дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың тиімді жолдарын талқылап, №277 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерді сабақ үдерісіне кіріктіру тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, инновациялық әдіс-тәсілдер, цифрлық ресурстарды қолдану, оқушылардың қызығушылығын арттыру мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында құнды ойлар айтылды.Іс-шара аясында ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, спорттық сайыс өткізіліп, әріптестер арасында тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты.
Мұғалімдер өзара пікір алмасып, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.Семинар соңында Ұлттық құндылықтар мен заманауи технологияларды ұштастыра отырып, болашақ ұрпақтың дені сау, рухы биік болып қалыптасуына бірге үлес қосайық!

















