«Шабыт пен шеберлік: заманауи білім кеңістігі»
«Шабыт пен шеберлік: заманауи білім кеңістігі» мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық семинары өтті.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылығы аясында №284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында «Шабыт пен шеберлік: заманауи білім кеңістігі» тақырыбында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық семинары өтілді.
Семинарға Басанова Акманат Сериковна "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы, п.ғ.м. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты» тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Татишева Гүлсара Мамыртайқызы, белсенді ата-ана Джузбаева Айнур Мнажкызы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлиев, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының мазмұнын жаңарту, заманауи талаптарға сай ұйымдастыру жолдарын қарастыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру мақсатында өткен семинарда инновациялық жобалар, оқушылардың тұлғалық дамуына бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы, құқықбұзушылықтың алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, цифрлық мәдениет пен медиасауаттылықты қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойында жауапкершілік, патриотизм, парасаттылық қасиеттерін дамытуға бағытталған заманауи тәрбие модельдері ұсынылды.
Аталған семинар аудан мектептеріндегі тәрбие жұмысының сапасын арттыруға, шығармашыл әрі кәсіби құзыретті басшылар қауымын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

















