Облыстық семинар өтті
«ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ – ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық семинар өтті.
№107 орта мектебінде "Мақсатты мектеп" жобасының жұмыс жоспарына сәйкес, «Тиімді жоспарлау-функционалдық сауаттылықты дамыту негізі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинарға «Өрлеу» БАҰО АҚ Қызылорда облысы бойынша институт аға оқытушысы Жубауова Жанар Рзабекқызы мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында арнайы шақырылып, қатысты.
Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыруда білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында оқытудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы өмірлік дағдыларды тиімді пайдаланып, сапалы білім беру және өмірге бейім тұлға қалыптастыру мақсатында өткізілген тәжірибе алмасу семинары барысында №107 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері И.Нақыпова «Екіге көбейту кестесі», С.Алиева «Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Сыйлаймын», география пәнінің мұғалімі А.Абжалиева «Геоэкологиядағы инновациялық технологиялар», биология пәнінің мұғалімі А.Тулеуова «Организмнің қартаю құбылыстары, қартаю үдерісі», орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Бекмурзаева «О.Сулейменов «Волчата» тақырыбында ашық сабақтар көрсетіп, әдістерімен бөлісті.
Семинардың екінші бөлімінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының аға оқытушысы Жубауова Жанар Рзабекқызы «Жаңашылдық - жетістік бастауы» тақырыбында семинарға қатысушы №28, №106, №108, №111, №183, №185, №186, №199 мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен №107 орта мектебінің мұғалімдеріне функционалдық сауаттылықты дамыту барысында шеберлік сыныбын көрсетіп, өз тәжірибесін ұсынды.
Семинар жұмысын №107 орта мектебінің директоры Нұрманов Бақытбек Мәнсүрұлы және аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Наукебаева Шырын Мирамбекқызы қорытындылап, семинарда тәжірибелік жұмыс көрсеткен педагогтерге аудандық білім бөлімінің Сертификаты мен Алғыс хатын табыстап, семинарды жоғары деңгейде бағалады.
«Мақсатты мектеп» жобасы аясындағы шаралар ауқымы кеңейіп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.