» » «Балалар кітапханасы» жобасы: «Белсенді оқу-тиімді тәжірибе» облыстық семинар

«Балалар кітапханасы» жобасы: «Белсенді оқу-тиімді тәжірибе» облыстық семинар


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытып, көркем әдебиетті оқытуда педагогтердің жаңашыл тәжірибелерін насихаттау мақсатында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі базасында «Балалар кітапханасы» жобасы: «Белсенді оқу-тиімді тәжірибе» облыстық семинары ұйымдастырылды.

Семинар екі бөлім негізінде І-практикалық жұмыстар, ІІ-шеберлік сағаттары бойынша өткізілді.

Шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Гульзира Мажитқызы арнайы қатысып, өткізілгелі отырған семинар барысына сәттілік тіледі.

Семинардың І-практикалық жұмыстар бөлімінде: «Балалар кітапханасы» жобасы: «Белсенді оқу-тиімді тәжірибе» тақырыбындағы семинарға облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Гүлайым Ермекбайқызы «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы мектеп кітапханасының рөлі» тақырыбында баяндама жасап, аудан мұғалімдері тарапынан да «Жаратылыстану пәндерінде функционалдық сауаттылықты арттыру: көркем әдебиетті оқу процесіне интеграциялау стратегиялары», «Беспроводные сети», «Математика сабақтарынында көркем әдебиетті қолдана отырып, логикалық есептерді шығару», Көркем шығармалар мен 3d нысандарды генерациялауда AR & AI технологиясын қолдану мүмкіндіктері» тақырыптарында т.б сабақтарда қолданылған әдіс тәсілдері мен каучингтері көрсетілді.

Сонымен қатар, семинардың ерекшелігі ретінде көркем әдебиетті пән арқылы оқытудағы шаралар нәтижесінде "Сәкен - алаштың сұңқары" драмалық қойылымын мектептің "Самға" балалар мен жасөспірімдер теарты сахналады.Театрдың көркемдік жетекшісі №250 мектеп-лицейінің тәлімгері Кәрібаев Шерхан. «Балалар кітапханасы» жобасы: «Белсенді оқу-тиімді тәжірибе» семинары пән мұғалімдеріне сабақта тиімді әрі қызықты ұйымдастыру, контексттер құрастыру, логикалық ойлау, тез шешім қабылдау тәсілдерін ұсынды.

Шара соңында қатысушылар алдағы уақытта оқитын әдебиеттер тізімін жасақтап, жоспарлады. Аталған шараға пән бірлестік жетекшілері, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, кітапханашылар , барлығы 62 маман қатысты. Семинарда жаңашыл идеяларымен сабақ көрсеткен мұғалімдер аталған тақырыптары бойынша сертификатқа ие болды.

24 қазан 2024 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031