» » МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті сыныптың ата-аналар комитетінің қызметін трансформациялау аясында «МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» тақырыбындағы аудандық ата-аналар комитетінің отырысы 24 қыркүйек күні №183 мектепте ұйымдастырылды.

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды.
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары туралы.
2. Мектеп ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы.
3. Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты, ата –аналар комитеттерін трансформациялауды слайд арқылы білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, «Мектеп пен ата-ананың адал азамат тәрбиесіндегі ынтымақтастығы: жүйелі тәрбие жұмыстары» тақырыбында №183 мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі Л.Жарқынбосова ,«Сыныптағы жағымды ахуал – қолайлы орта мен тұлға дамуының негізі» тақырыбында №250 мектептің 10 сынып жетекшісі Г.Қайырбаева , «Ата-аналар қауымдастығы – саналы тәрбие мен ортақ бастамалар» тақырыбында ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлиев сөз алып жан-жақты талдау жасалды.
Өз пікірлерін №105 мектептің ата-аналар комитетінің төраймы К.Қазақбаева, №80 мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы А.Ниязбаев, №273мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Ғ.Шакишев, №27 мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі Б.Ермекбаевтар сөз алып, бала тәрбиесін алға апару мақсатында ұсыныстарын жеткізді. Аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы болып Мағауия Әлив бір ауыздан сайланды.

25 қыркүйек 2025 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 185
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 831

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031