» » «Ата – ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы»

«Ата – ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы»

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінде отбасы тәрбиесінің маңыздылығына қоғам назарын аударып, ата – аналардың балаларымен бірлескен жұмыстарын және тәрбиенің озық үлгілерін насихаттау мақсатында Қармақшы ауданы әкімі жанынан құрылған мобильдік топтың қатысуымен «Ата – ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күнінің іс шараларына аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, аудандық ата – аналар комитетінің төрағасы Ә.Қарагөзиев, алқа билер мүшесі Д.Жалғасбаева апайлар мен ардагер ұстаздар, аудандық емхана психологі Ә.Кетебаева, аудандық СӨСҚ кабинетінің дәрігері Д.Құлмырзаева және ата – аналар қатысты.

Іс – шара тақырыптық әдеби монтажбен басталып, оқушылардың қолөнер көрмесі, ғылыми жоба жұмыстары көрсетілді. Ата – аналар балаларының «Мектеп парламенті», «Театр және балалар», «Дебат», «Оқуға құштар мектеп» жобалары бойынша жоспарланған жұмыстарына қатысты. Сонымен қатар, шақырылған қонақтар мен ата – аналар спорт алаңында ұйымдастырылған спорттық шараларды тамашалап , мектеп ауласына ағаш отырғызу және көкөністер егу жұмыстарына қатысты. Ашық есік күні жұмыстары арнайы маман Г.Амантаеваның «Жапырақ - тамырдан нәр алады» тақырыбындағы тренингімен аяқталып, мектеп директоры Н.Раймов ашық есік күнін қорытындылады. Қонақтар мен ата – аналар оқушылардың өнерлеріне ризашылықтарын білдіріп, мектептің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
27 сәуір 2023 ж. 1 077 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930