» » "Үміт сыйлаған" бөлмеде ашық есік күні өтті

"Үміт сыйлаған" бөлмеде ашық есік күні өтті

ЖОСАЛЫ, 6 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Ләззат Сұлтанбекқызының жетекшілігімен түзете-дамыту сабақтарын алатын балалардың ата-аналарының қатысуымен мамандардың "Бала жетістігі - біздің қуанышымыз" тақырыбында "АШЫҚ ЕСІК" күні өтті.
Бағдарлама аясында педагог-психолог Г.Кенимбаева "Жақсы көңіл-күй жан азығы" тақырыбында ата-аналар мен кабинет мамандарына арналған психологиялық тренингін өткізді. "Ашық есік" күнінде кабинет педагог-психологы Г.Кенимбаеваның "Ана - өмірдің шуағы" тақырыбында ата-ананың қатысуымен жеке баламен сабағы, педагог-дефектолог Г.Нұрпейсованың "Дидактикалық ойындар арқылы ұсақ-қол моторикасын дамыту" тақырыбында ата-ананың қатысуымен баламен жеке сабағы, тәрбиеші Б.Шорманованың "Аналар мерекесі" тақырыбында ата-аналардың қатысуымен топтық сабағы, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы Р.Абдраманның "Кеудеге арналған жаттығулар" тақырыбында ата-ананың қатысуымен жеке баламен сабағы, әлеуметтік педагог Г.Досмырзақызының "Гүл жапсыру" тақырыбында ата-ананың қатысуымен баламен жеке сабақтары көрсетілді. Барлық мамандардың баламен жүргізілген ашық оқу қызметтерінің жоғары деңгейде өткеніне ата-аналар ризашылықтарын білдірді.
06 наурыз 2020 ж. 1 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930