» » Ашық есік күні ұйымдастырылды

Ашық есік күні ұйымдастырылды

qarmaqshy-tany.kz  «Отбасы – орта мектеп» жобасы және «Мектеп өмірінің бір күні» жобасы аясында 2023 жылдың 20 қаңтар күні Байқоңыр қаласындағы №275 мектепте «Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі – ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдары» тақырыбында мектепішілік «Ашық есік» күні болып өтті.
Мақсаты: ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым - қатынасты жақсарту. Бала тәрбиесіндегі ата-ана көзқарасын кеңейту.
Ашық есік күні аясында ата-аналар балаларының шығармашылығын көріп, өнерін тамашалап, білімін бақылап, толғандырған сұрақтарына жауап алып, мектеп тынысымен кеңінен танысты.
Іс-шара соңында ата-аналар бүгінгі күннен алған әсерлерімен, пікірлерімен бөлісті. Атаулы іс-шараның ұйымдастырылуы ата-ана тарапынан қолдау тапқандығы ойбөлісте байқалды.
Мектеп директоры Анар Жанабергеновна тәрбиенің қайнар бұлағы отбасынан басталатындығын айтып, ата-аналарды бірлікте жұмыс жасауға шақырды және іс-шараға қатысқан ата-аналарға алғысын білдірді.

23 қаңтар 2023 ж. 3 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 096
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 304

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031