Дөңгелек үстел: Мектептердегі тәрбие беру жұмыстарының сапасын арттыру үшін қандай өзгерістер болу қажет?
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты ауыл мектептері директорлары,тәрбие орынбасарлары,ата-аналар комитетінің төрағалары,әлеуметтік педагогтары,мектеп психологтары,сынып жетекшілерінің, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Қалиев Ерлан Піртазаұлының қатысуымен «Мектептердегі тәрбие беру жұмыстарының сапасын арттыру үшін қандай өзгерістер болу қажет?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлиев, ардагер ұстаз Ш.Құндақбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова қатысты.
Іс-шарада Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Е.Қалиев: Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті екенін баяндап, дөңгелек үстелдің мақсатына тоқталды. Ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы екенін айтып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделгенін, оның мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижесі нақтылап берілгенін, әлде де болса тәрбие саласының әлсіз болып тұрғанына, құқық бұзушылыққа көп мән беру керектігіне назар аударды. Аудан орталығында 30 мектеп болса, ақпарат бойынша 29 мектепте театр жұмыс жасайтынын айтты. Оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру мақсатында «Мектеп театры» жобасының маңызы зор екенін, оқушылардың бос уақытын тиімді жұмсауға жұмысты күшейту керектігіне тоқталды.
Іс-шарада мектептердегі тәрбие саласында қандай мәселелер бар,оларды қалай шешуге болады деген сұрақтар талқыланып,нақты ұсыныстар айтылды. №29 мектептің директоры А.Жарасова, №28 мектептің директоры А.Оспанов, №109 мектептің директоры Б.Алмаганбетов, №107 мектептің директоры Б.Нұрмановов, №109 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Сәденов өз ұсыныстарын айтып өтті. Аудандық ата-аналар комитеттінің төрағасы М.Әлиев, ардагер ұстаз Ш.Құндақбаев. аудандық білім бөлімінінң әдіскері А.Тоқшылықова өз пікірлерін білдірді.Дөігегелек үстелді облыстық мәслихат депутаты Е.Қалиев қорытындылап айтылған ұсыныстарды мүмкіндігінше қолдайтынын жеткізді.