» » АУЫЛ МЕКТЕБІ: ТЕҢ МҮМКІНДІК!

АУЫЛ МЕКТЕБІ: ТЕҢ МҮМКІНДІК!


Облыс әкімдігінің қолдауымен Қызылорда облысының білім басқармасы «Қазақстан Халқына» қорымен бірнеше жыл бойы бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді.

Осы орайда 2025 жылы «Қазақстан Халқына» қорымен бірлесіп, «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік – Қызылорда облысы» жобасы аясында аудан көлеміндегі 7 мектепте (№183, №28, №26, №279, №269, №107, №109) 210 млн.теңге 21 жаңа үлгідегі физика, химия және биология кабинеттерімен қамтамасыз етіліп, білім алушыларға тәжірибелер жүргізуге, зертханалық жұмыстарды еркін орындауға және оқу барысында заманауи технологияларды тиімді қолдануға кең мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар «Қазақстан Халқына» қорының қолдауымен ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру бағдарламасы аясында 2023 жылы №250 мектеп-лицейіне және 2025 жылы №277 мектеп-лицейіне әрқайсысына 34 заманауи пәндік кабинет жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатта 500 млн.теңге қаражат бөлінді.

Білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан осындай маңызды бастамалар ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайтып, оқушылардың сапалы білім алуына жол ашуда.

13 ақпан 2026 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031