» » СЫР ӨҢІРІНДЕ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ КӨРСЕТІЛДІ

СЫР ӨҢІРІНДЕ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ КӨРСЕТІЛДІ


Әлеуметтік маңызы бар салаларды дамытуға ерекше көңіл аударған «Қазақстан халқына» қорымен Қызылорда облысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырылды.
Баспасөз туры барысында қордың денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау бағыттарында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалары мен жобалары көрсетіліп, журналистерге олардың нәтижелері таныстырылды.
2022 жылдан бері облыс әкімінің бастамасымен «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен облыстың әлеуметтік саласына жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік нысандарды жабдықтауға, балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталды.
Баспасөз туры барысында ең алдымен БАҚ өкілдері Қызылорда қаласындағы №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатымен танысты. «Арнайы мектеп ұйымдарын жабдықтау» жобасы аясында бұл мекеме оқу, түзету және шығармашылық бағыттағы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қордың қолдауымен қазақ тілі кабинеті мен шеберхана жаңартылып, балалардың тілдік дағдыларын дамытуға және еңбекке баулуға мүмкіндік жасалды. Қазіргі таңда, интернатта 56 бала тәрбиеленуде, ал түлектердің бір бөлігі тігін ісін кәсіби деңгейде жалғастыруда.
Келесі бағыт – облыстық онкология орталығы. Мұнда, «QH Денсаулық жолы» жобасы аясында табысталған жылжымалы медициналық кешеннің жұмысы таныстырылды. Заманауи жабдықталған көліктер шалғайдағы елді мекен тұрғындарына қызмет көрсетіп, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беруде. Маммографиялық аппарат, жоғары деңгейлі ультрадыбыстық жүйе және компьютерлік томограф - барлығы Жапонияда жасалған жоғары дәлдіктегі құрылғылар. Бұл Қазақстанда алғаш рет қолданысқа енгізілген кешен болып табылады. Жоба халықтың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға зор үлес қосуда.
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласының Талсуат ауылында журналистер «QH Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасымен танысты. Бұл бастама ерекше күтімді қажет ететін балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Оларға арнайы техникалық оңалту құралдары ұсынылып, ата-аналарға кәсіби кеңестер берілуде. Мұндай қолдау балалардың қоғамға бейімделуіне және тәуелсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға жол ашуда.
Баспасөз туры соңында БАҚ өкілдері Жалағаш ауданындағы Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінде болып, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасының нәтижелерімен танысты. Жоба аясында мектеп робототехника, STEM-зертхана, физика және химия кабинеттерімен жабдықталды. Сонымен қатар, мұғалімдерге зияткерлік мектептерінің педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары өткізілген. Бұл ауыл мұғалімдеріне жаңа әдістемелерді меңгеріп, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беруде.
Баспасөз турға қатысқан журналистер қордың аймақтағы бастамаларының маңыздылығына көз жеткізіп, халыққа нақты жеткен көмекті өз көздерімен көрді.
Өз кезегінде «Қазақстан халқына» қорының өкілдері алдағы уақытта осы бағыттағы жобаларын жалғастыра беретінін жеткізді.
24 қыркүйек 2025 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 482
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930