» » "Тірек мектебі: Жетістікке бірге жетеміз" атты облыстық семинар

"Тірек мектебі: Жетістікке бірге жетеміз" атты облыстық семинар


Білім бөліміне қарасты Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде "Тірек мектебі: Жетістікке бірге жетеміз" атты облыстық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл іс-шара аймақтағы білім беру жүйесінің сапасын арттырып, ұстаздар арасындағы тәжірибе алмасуды күшейтуге бағытталған маңызды бастама болды.

Семинар бағдарламасы мазмұнды және түрлі шараларға толы болды. Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей ұстаздары Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" тәжірибелі педагогтарымен бірлесіп, жоғары деңгейдегі ашық сабақтар өткізді. Бұл сабақтар заманауи білім беру әдістемелерін көрсетуге және тәжірибе бөлісуге арналды. Сондай-ақ, шеберлік сыныптары, коучингтер және практикалық сабақтар ұйымдастырылып, қатысушылардың педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал етті.
Аталған шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Қосанова Айгүл және Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейіне (тірек мектебіне) қарасты ауданымыздағы магниттік мектептердің орынбасарлары мен пән мұғалімдері қатысты. Бұл қадам аудан мектептері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім беру процесімен танысуға, тұрақты жобалар мен инновациялық әдістер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берілді. Қонақтарға арналған түрлі шаралар, соның ішінде таныстырылымдар мен театрланған қойылымдар көрсетіліп, олардың мектеп өміріне белсенді қатысуына жағдай жасалды.
Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы мектеп-лицей ұстаздары мен оқушыларына жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Бұл семинар ұстаздардың кәсіби дамуына, оқушылардың жан-жақты білім алуына, сондай-ақ өзара әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

24 қаңтар 2025 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930