» » Семинар: Біртұтас тәрбие беру арқылы жаңа технологияларды пайдалана отырып білім сапасын арттыру

Семинар: Біртұтас тәрбие беру арқылы жаңа технологияларды пайдалана отырып білім сапасын арттыру


Төретам кентінде орналасқан Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектебінде “Біртұтас тәрбие беру арқылы жаңа технологияларды пайдалана отырып білім сапасын арттыру” тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Семинар барысы «Даналық мектебі» мүшелерінің күйімен ашылып, өткізілетін жұмыстармен таныстырылды. Кент ақсақалының батасы, қонақтардың жылы тілектерімен, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Шырын Мейрамбекқызының қатысуымен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» ашылу салтанаты өтті.

Сонымен қатар «Әкелер мектебі» жетекшісі Нурмаганбетов Берекенің ұйымдастыруымен «Қазақ отбасындағы әкенің орны қандай болған? Қазір қандай? » ата-аналармен жұмыс өткізіліп, жалпы пән мұғалімдері тарапынан ашық сабақтар мен танымдық сабақтар көрсетілді.

Кері байланыс жүргізу барысында семинар қонақтары әр жұмысқа өздерінің пікірлерін білдіре отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Семинар «өте жақсы» деп қорытындыланды.

12 желтоқсан 2023 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 250
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 795

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930