» » Аудандық семинар болып өтті

Аудандық семинар болып өтті

qarmaqshy-tany.kz "Химия, биология сабақтарындағы құндылықтарға негізделген білім беру" тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы бойынша №277 мектеп-лицейі базасында "Химия, биология сабақтарындағы құндылықтарға негізделген білім беру" тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: химия, биология пәндерін оқытуда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы білім алушылардың өзін-өзі дамытуына, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ету, құндылыққа негізделген білім беруде мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту.
Семинар барысында "Атомның құрамы мен құрылысы", "Химия, биология пәндерін оқытудағы смарт технологиялар" тақырыбында ашық сабақтар, "Медицина саласында жануарларды тәжірибеден өткізу дұрыс па? дебат жұмысы, "Ғылымға көңіл бөлсеңіз..." оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары көрсетілді.
Аудандық білім бөлімінің міндетін атқарушы Абдазиева Гульзира Мажитовна оқушыларға ынтымақтасқан ортада өз идеяларын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сын тұрғысынан ойлау, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға деген ізгі лебізін білдірді.
01 желтоқсан 2022 ж. 1 053 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930