» » "Жаңа бағыттағы сабақ құндылықтары" атты аудандық онлайн семинар өтті

"Жаңа бағыттағы сабақ құндылықтары" атты аудандық онлайн семинар өтті


2021 жылдың 25 ақпан күні аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес №99 орта мектебінде бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Кеңескүл Құдайбергенованың ұйымдастыруымен «жаңа бағыттағы сабақ құндылықтары» тақырыбында қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы ауданның химия және биология пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен онлайн семинар өтті.
Мақсаты: Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтің жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру.
№99 орта мектебінің директорының міндетін атқарушы М.Сүгірбаева семинардың ашылу кезеңінде мақсаты мен бағдарламаларын таныстырып өтті. Бағдарлама бойынша «Азот. №11 зертханалық тәжірибе. Азот молекуласының моделі» понарамалық сабақ, «Биология пәнін оқытудағы қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер» шеберлік сынып, «Оқушылардың дарындылығын дамытуда ғылыми-жоба жұмысының рөлі» баяндама жұмыстары көрсетілді. «Жаңа бағыттағы сабақ құндылықтары» тақырыбында семинарға қатысушы аудан мұғалімдеріне тренинг жүргізілді. Семинар барысында пән мұғалімдері өзара тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
26 ақпан 2021 ж. 1 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 221
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 402

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30