» » Аймақтық семинар өткізілді

Аймақтық семинар өткізілді


№107 орта мектебінде 2021 жылғы16 ақпан күні жылдық жоспарға сәйкес "Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісінде оқушылардың білімін бағалаудың тиімділігі" тақырыбында аймақтық семинар болып өтті. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтың жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру мақсатында бірнеше жұмыстар жүргізілді. Аймақтық семинарға
№28, №29, №108, №109 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және Қармақшы аудандық білім бөлімінің бас маманы Бахадурова Нәзен Уалиханқызы қатысты. Семинар жұмысы қонақтарды қарсы алу және
5 сынып оқушыларының әдеби-сазды монтажымен басталды. Шара барысында технология пәні мен қылқалам пәні мұғалімдері және оқушыларының сабақ барысында жасаған шығармашылық көрмесі таныстырылды. Жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздар ашық сабақ, коучинг, сыныптан тыс жұмыс, үйірме жұмыстарынан сахналық қойылымдар ұйымдастырып, оқушылар заман талабына сай үштілде өнерлерін көрсетті. Айтулы шарада бағдарлама бойынша жүргізілген барлық жұмыс өз дәрежесінде өткізіліп, "Өте жақсы" деп бағаланды.


18 ақпан 2021 ж. 916 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 321
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031