» ТӨРТ ТҮЛІК АУРУЫНА МЫҒЫМ ТОСҚАУЫЛ БАР

ТӨРТ ТҮЛІК АУРУЫНА МЫҒЫМ ТОСҚАУЫЛ БАР

«Медицина ғылымы адамды, ал ветеринария ғылымы адамзатты емдейді» деген сөзді осы күні жиі еске алуға тура келіп тұр. Себебі мал ауруы көбейіп кетті. Ал оның адамға тарайтыны тағы бар. Аудандық ветеринария бөлімінің жұмысымен танысу үшін сонда ат басын бұрдық.
Бөлім басшысы Нұрлан Бисенов іссапарда жүр екен. Бізге түсіндірме жұмысын мекеменің эпизитолог дәрігері Ринат Сүлейменов жүргізді. Біз барған бойда Меңей батыр  көше №8 үйдің тұрғынынан шақырту тү­сіпті. Шақыртуды өзі қабылдап алды. Аурудың мән-жайын анықтау мақсатында сол жаққа жедел түрде біз де ілесе кеттік.
Шақырту түсіруінің басты се­бебі – сиыр түлігінің науқастануы. Бірнеше күннен бері мал жем жеуден қалған. Мал дәрігері осыған тейлер­иоз ауруының диагнозын қойды. 
– Тейлериоз ауруында мал жем-шөптен бас тартады, суды сүйсінбей ішеді, күйіс қайыру және сүттің шығуы тоқтай бастайды. Бұл түлік жем-шөп жеуден қалып тұр. Қазір арнайы антибиотик егеміз. Содан соң бірнеше күн қадағалауды қажет етеді, – деді мал дәрігері.
Дер кезінде келіп көмек көр­сеткен дәрігерге мал иесі де дән риза.
– Уақытында келіп, көмек көр­­­сеткен дәрігерге үлкен риза­шылығымды білдіремін. Малдың ауырғаны да жаман екен. Адам болса ауырған жерін айтар-ау. Ал мұның қай жері ауырғанын біліп болмайсың. Осындайда мал дәрігерінің көмегіне жүгінеміз ғой. Еңбегі күшті, жұмысына көңілім толады, – дейді түлік иесі Бауыржан Өтегенов. 
Мұнан соң мекемеге қайта айналып келдік. Мал ауруларының шығу төркінін сұрадық. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, ауданда аса қауіпті ауру тіркелмеген. Мұнда жыл басындағы жоспарға сәйкес дәрі егу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Вакциналық екпе түрлеріне тоқталсақ, эпизо­тиялық – 14, энзотиялық – 7 түрі бар. Ауру болмас үшін алдын ала екпе егу жұмысы жүргізіліп тұрады.
Мүйізді ірі қараның аусылы, сібір жарасы, түйенің обасы, пастереллез секілді аурулардың алдын алу мақсатында жоғарыда айтқан екпелер егіледі.
Жұмысты жүйелі жүргізу үшін мал дәрігерлері 10 учаскеге бөлінген. Шақырту түссе, учаскеге жауапты мал дәрігері барады. Мұнан бөлек әр ауылда 3 қызметкер жұмыс істейді.
Қазір мекеме жұмысы қызу жүріп жатыр. Себебі, жаз мезгілі. Малдың іш ауруы көбейеді. Шақырту да жиі түседі. Өрістен келген бойда бұзауын еміздіріп, бұзауының іш өтуі жиілейтін көрінеді. Тұрғындар да немқұрайлық танытады дейді дәрігер.
Мекеме жанында арнайы дә­рі сақтайтын қойма бар. Мұнда егілетін вакциналар мен дәрілер тоңазытқышқа қойылған.
– Дәрілердің дені – отандық өнім. Жарамдылық мерзімі 2-3 жылды құрайды. Түліктердің ішкі, сыртқы зақымдануларына, мал қырыққабатының дұрыс жұмыс істемеуі, механизмінің бұзылуына орай түрлі дәрі-дәрмектер бар. Ит, мысықтың да ауруына дәрі бар. Мысалы, ит тарататын паразиттік ауруға таблетка береді. Оны иттің жейтін тамағына не суына қосады, – дейді Ринат Сүлейменов.
Кент көшелерінде қаңғырып жүрген мал көп. Иә, олар жа­йылымдық жерден емес, көше қоқысымен азық­танып жүр. Осының салдарынан  түрлі ауру жұқтыруы да мүмкін. Сондықтан әр тұрғын түліктерін көше кездіріп қоймаса игі. «Ауру айтып келмейді» дейтін халықпыз. Ауруды жұқтырып алған соң ғана шырылдайтынымыз бар.  Алдын алу қарекетін аудандық ветеринария бөлімі мықтап негізге алған.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
---
19 маусым 2019 ж. 1 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 187

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 304

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930