АТА АМАНАТЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ПЕРЗЕНТТІК ҮЛЕС
Жосалы қыстағының батысындағы Ордазы теміржол бекетінде өскен Жаудат ағаның балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келді. Әкесі Ақкісіні халық жауы деп ұстап әкеткенде ол небәрі он жаста екен. Ел басына күн туып, тылда қалғандар балағын түріп, су кешкен уақытта жас балаға қызық дәурен қайдан болсын?......