» » Озат күрішші ОРАЗБЕК

Озат күрішші ОРАЗБЕК

«Диқан жерін анасындай сүйеді, Жер диқанын баласындай сүйеді» демекші, ала жаздай даланың төсінде еңбек етіп тер төккен диқандар Жер-Ананың несібесін шашау шығармай қамбаға жинап алды. Қырманды қызыл астыққа толтырған егінжай ерлері сый-құрметке бөленіп, еңбегіне сай алғысқа кенелуде. Соның бірі – күріштен мол өнім жинаудың тетігін меңгеріп, биыл жоғары көрсеткішке қол жеткізген күрішші Оразбек Бисенбаев.
Білікті диқан Нұржан Пірмантаев басқарған «Тұрмағамбет» ЖШС шаруашылығында 1991 жылдан бастап еңбек етуде. Жастайынан еңбекке ерте араласқан ол алғашында механизатор болып жұмыс істеп, кейін біраз жылдан соң No5 егіс бригадасына ауысып, күріш өсірумен айналысады. Басында аз-кем гектарлы жерге дән сеуіп, мол тәжірибе жинай бастайды. Қажырлы талпыныспен еңбексүйгіштігінің арқасында биыл 42 гектар жерге күріштің «Лидер» сортын егіп, одан 96,5 центнер өнім алған.
– Кез келген жұмыстың өзіне тән қиындығы, жауапкершілігі болады. Маған диқан қауымының жұмысы ұнайды, олардың еңбегін жоғары бағалаймын. Осы салаға бет бұрған себе- бім де сол. Әкем Берман Бисенбаев – еңбек адамы. Ол өмірінің көп жылын күрішке арнаған жан. Еңбегіне сай «Ленин» орденімен марапатталған. Міне, сол әкемнің жолын жалғап келемін. Біздің жұмыс ерте көктемнен қара күзге дейін жалғасады. Биыл күріштің шығымы мен жинаған өніміміз жақсы нәтиже берді. Жалпы диқан жердің тынысын сезіп, барлық жағдайын жасау керек. Сонда ғана жер жомарттық танытып, мол өнімін береді, – дейді күрішші Оразбек Берманұлы.
Әр кезеңнің өз қиындығы болады демекші, былтыр шаруашылық су тапшылығын қатты сезініп, күрішті насоспен су тартып суарса, осы жылы судан мәселе көрмепті. Соның арқасында егін бітік шығып, қамба астыққа толыпты. Тынымсыз жүйткіген техникалар күріштің бір дәнін де жерге қалдырмай қырманға тасып әлек.
– Биылғы өнімнің нәтижесінен кейін келер жылға жоспар бар. Судан таршылық көрмесек, бұдан да жоғары өнімге қол жеткізуге жұмыс жасаймыз. Техникамыз түгендеулі, тек жер жомарттық танытса, әзірге қолымыздан кетпеніміз түспейді, – дейді майталман маман.
Нағыз диқан болу үшін тынымсыз еңбек керек болса, ал күрішші болу- да екі есе ынта қажет. Әрбір түйір дән үшін төгілген маңдай тер соңында өлшеніп, бағаланатыны сөзсіз. Оған кейіпкеріміздің облыста өткен «Алтын дән – 2024» күзгі қорытынды жиында «Озат күріш өсіруші» атануы дәлел болып отыр.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
19 қазан 2024 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 160
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031