Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Несібесін күріштен тапқан диқан

Несібесін күріштен тапқан диқан


«Таң» ЛТД ЖШС күрішшісі Қазихан Үрмет 20 жылдан астам ауыл шаруашылығы саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. Ерте көктемнен егістік басында жер жыртып, ала жаздай күріштің қамымен тіршілік етеді. Осы еңбегінің арқасында жақында өткен диқаншылардың мерекесінде аймақ басшысының қолынан «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

- Оқу бітіре салысымен шаруашылықта жұмыс істеп, күріш егумен айналыстым. Одан кейін мал шаруашылығында еңбек еттім. Ала жаздай атыз жағалап, шаруашылықта жұмыс істеу оңай емес. Осы адал еңбегіміз бен маңдай тердің арқасында отбасымызды асырап отырмыз. «Таң» ЛТД шаруашылығының басшылары әр қызметкерге қолдау білдіреді. Осы уақытқа дейін біздің шаруаларға 6 жеңіл көлік мінгізді. Биыл аймақтағы су тапшылығына қарамастан күріштің әр гектарынан 78 центнерден өнім жинадық. Осы еңбегіміздің арқасында жақында облыс әкімі «Ерең еңбегі үшін» медалін кеудеме тақты. Бұл марапат менің ғана емес, шаруашылықтағы барлық диқаншылардың құрметке бөленуі деп білемін. Біз сияқты қарапайым күрішшілерді марапаттап, еңбегімізді бағалап жатқан Сыр халқына алғысым шексіз, - деді Қазихан Шәдімаханұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

04 қараша 2023 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 398

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031