» » Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған мерекелік қабылдау өтті

Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған мерекелік қабылдау өтті


Аудан әкімі Жандос Еркінбек орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен және орман шаруашылығының 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

– Ауданымызда 2022 жылдан бері 30 128 гектар жерге сексеуіл тұқымы себіліп, 28 000 гектар жерге сексеуіл көшеті егілді. Облыс әкімінің қолдауымен соңғы үш жылда бюджеттен 296 миллион теңге бөлініп, жаңадан 38 техника алынып, материалдық-техникалық база күшейтілді. Сонымен қатар, 2023 жылдың шілде айынан бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға артты. Соңғы бес жылда орман қоры аумағында өрт оқиғалары тіркелген жоқ, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, салада үздік еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шараға арнайы қатысқан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар мен Жаңақорған шипажайына жолдамалар табыстады.

Сондай-ақ, жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов құттықтау лебізін білдірді.

19 қазан 2024 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031