» » Орман шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Орман шаруашылығы қызметкерлері марапатталды


Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады.
Аудан әкімінің орынбасары ауданның экологиялық жағдайын жақсартуда орман шаруашылығының қызметі ерекше екендігін атап өтті.
– «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді даналарымыз. Қазақстанның шөлді аймағында орналасқан біздің аудан үшін орман шаруашылығы қызметкерлерінің алар орны ерекше. Осы мерекелік кездесуді пайдалана отырып, Сіздерге алғысымды білдіремін және алдағы уақытта да орман шаруашылығын дамытуға барлық күш-жігерлеріңізді жұмсай беретіндеріңізге сенім білдіріп, қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңізге толағай табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін, – деді аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев.
Салтанатты жиын соңында сала үздіктері аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

16 қазан 2021 ж. 1 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30