Құрылтай
» » Ресей Қазақстаннан әкелінетін гүлдерді өз аумағына кіргізуге шектеу қойды

Ресей Қазақстаннан әкелінетін гүлдерді өз аумағына кіргізуге шектеу қойды


Ресей Қазақстаннан әкелінетін гүлдерді өз аумағына кіргізуге шектеу қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Россельхознадзор 2024 жылдың 21 қазанынан бастап Ресей аумағына негізінен дос емес елдерден келетін өнімдерге берілген қазақстандық фитосанитариялық сертификаттармен келетін кесілген гүлдер мен бүршіктерді әкелуге уақытша шектеу енгізеді", – делінген хабарламада.
Олардың мәліметінше, Қазақстан гүлдердің көп бөлігін Голландия, Польша және Бельгиядан әкеліп, қайта экспорттайды.
"Бұл елдердің құзырлы органдары өнімнің қауіпсіздігін тиісті деңгейде бақыламайды", – делінген Россельхознадзор хабарламасында.
Билік мұндай шешімді Ресейдің фитосанитарлық әл-ауқатын және тауар экспортының көлемін сақтау мақсатында қабылдаған.
Еске салсақ, бұған дейін Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге ресми түрде тыйым салған еді.
19 қазан 2024 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 582
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31