» » Спорт шыңындағы ұстаздар

Спорт шыңындағы ұстаздар

Аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов Жаңақорған ауданында 6-11 қазан күндері аралығында білім қызметкерлері арасында өткен облыстық дәстүрлі спартакиаданың жеңімпаздарын қабылдады.

Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табыстады. Сонымен қатар, команданың спортқа деген белсенділігі мен жігерлілігін атап өтіп, болашақ жарыстарда да сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан ауқымды инфрақұрылымдық жобалар мен аудан спортшыларының жеткен жетістіктерін атап өтті.

Айта кетейік, аудан командасы дәстүрлі спорт додасында жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынға ие болды. Оның ішінде жарыс нәтижелері бойынша волейбол (ұлдар) – ІІІ орын, үстел теннисі – І орын, асық ату – ІV орын, бес асық – ІІ орын, футбол – ІІІ орын, волейбол (қыздар) – V орын, тоғызқұмалақ – ІV орын алды.

19 қазан 2024 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 132
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 715

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031