» » Аудандық спартакиадасы өтті

Аудандық спартакиадасы өтті

Қазақстан Республикасының «Спорт күні» мерекесіне орай ауыл спортшыларының аудандық спартакиадасы өтті. Аудандық спартакидасы тамыз айының 9-11 күндері спорттың 8 түрінен өтті. Атап айтар болсақ: Волейбол, гір спорты, шахмат, үстел теннисі, асық ату мен бес асық, кермеге тартылу және президенттік көпсайыстан өтті. Спорттық шараға 8 ауылдық округтер мен Төретам кентінен құралған командалар және 150-ге жуық спортшы қатысты.
Спорттық шараның негізгі мақсаттары: Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж.Тоқаев жүргізіп отырған халықтар достығы мен сенімділігі саясатын қалыптастыру, дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл жастарын достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.
Волейболдан: ІІІ орын – Ақтөбе ауылдық округі командасы, ІІ орын – Төребай би ауылдық округі командасы, І орын – Төретам кенті командасы.
Гір тасын көтеру: ІІІ орын – Ақтөбе ауылдық округі командасы, ІІ орын – Төребай би ауылдық округі командасы, І орын – Қуаңдария ауылдық округі командасы.
Үстел теннисі: ІІІ орын – Иіркөл ауылдық округі командасы, ІІ орын – Ақтөбе ауылдық округі командасы, І орын – Төребай би ауылдық округі командасы.
Шахмат: ІІ орын – Ақтөбе ауылдық округі командасы, І орын – Алдашбай ахун ауылдық округі командасы.
Асық ату: ІІІ орын – Дүр оңғар ауылдық округі командасы, ІІ орын –Төребай би ауылдық округі командасы, І орын – Ақтөбе ауылдық округі командасы.
Бес асық: ІІІ орын – Ақтөбе ауылдық округі командасы, ІІ орын – Дүр оңғар ауылдық округі командасы, І орын –Төретам кенті командасы.
Кермеге тартылу: ІІ орын – Төребай би ауылдық округі командасы, І орын – Ақтөбе ауылдық округі командасы.
Президенттік көпсайыс: ІІІ орын – Ақтөбе ауылдық округі командасы, ІІ орын – Алдашбай ахун ауылдық округі командасы, І орын –Жосалы кенті командасы.

Жалпы командалық есепте 24 ұпаймен ІІІ орынды – Төретам кенті командасы, 41 ұпаймен ІІ орынды – Төребай би ауылдық округі командасы, 62 ұпаймен І орынды – Ақтөбе ауылдық округі командасы иеленді.
13 тамыз 2024 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 614

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30