Абайды тану балабақшадан басталады
Таңғы уақыт. Әдеттегідей жұмысқа дайындық. Теледидар қосулы. Көгілдір экраннан кішкентай бүлдіршіннің Абайдың өлеңін мәнерін келтіріп, тақылдата оқып жатқанын көріп іштей қуандым әрі қызықтым. Теледидардың дауысын ашып, жақындай түстім. Өз перзентіммен шамалас балабақша жасындағы бөбектер. Тәтті тілімен...