» » COVID-19: Ана мен бала

COVID-19: Ана мен бала

Бүгінде бәрі де онлайн. Қызмет көрсету түрлері, сауда-саттық та, тіпті жұмыстың өзі. Иә, жұмыс істейтіндердің басым бөлігі әлеуметтік желіні қалта томпайтар табыс көзіне айналдырған. Әсіресе кеңес беретін маманның жарнама жазбалары көп. Соның бір легі – гинеколог маманның кеңесі. Жүктілік туралы сан алуан кеңес пен түрлі ауруларды осы жақтан кездестіресіз.
Қазіргі таңда әлемді жайлаған коронавирус кезеңінде жүкті әйелдерге қиын. Өмірге ұрпақ әкелуді мақсат еткен болашақ ананың уайымы да еселей түскендей.
Жаһандық коронавирус пандемиясы кезінде еліміздегі жүкті әйелдер арасындағы өлім-жітім күрт көбейді. Статистикаға сүйенер болсақ, 2020 жылдың 9 айында елімізде 136 жүкті әйел қайтыс болған. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Айталық, 2019 жылы 36 жүкті әйел көз жұмған. Себеп қандай? Саралап көрейік.
Ана өлімінің күрт өсуінің негізгі себебі пандемия кезінде жүкті әйелдерді ауруханаға жатқызудағы қиындықтар болған. Бұл туралы профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин былай дейді:
– Ауруханаға жатқызу кезінде қиындықтар болды, әсіресе маусым-шілде айларында денсаулық сақтау органдары бұл ретте өзара келісіп, шешім қабылдай алмады, яғни арнайы перзентханалар біресе жұқпалы,содан кейін уақытша ауруханаға айналды. Әйелдер босанатын жер таппай сабылды, бұрыннан баратын жеріне барса, олар ковид қабылдап жатты. КВИ-ден басқа көптеген патологиялар бар, ал жүкті әйелдер ауру тез жұғушы қауіпті топқа жататындықтан, оларды қабылдамай жатты, ал қабылдаса ПТР-тест талап етті, ол қосымша уақытты қажет етті, сондықтан ауруханаға кеш жатқызылды, уақытты жоғалтып, босану шаралары алдын ала қабылданбады, – дейді ол.
Дегенмен қазіргі уақытта ауруханаға жатқызу жағдайы тұрақталған. COVID-2019 диагнозы қойылған жүкті және босанған әйелдерге тиісті ем-домын алу үстінде. Зерттеулерге сәйкес, коронавирустың өзі анадан жаңа туған балаға плацент немесе емшек сүті арқылы берілмейді.
Маман кеңесі
Нәрестенің жағдайы болашақ ананың қалай тамақтанғанына тікелей байланысты болады. Сол себепті аяғы ауыр әрбір келіншек құрсақтағы сәбиінің дамуын жіті қадағалап, жауакершілікті сезіну қажет.
–Әрине, бірінші кезекте – дұрыс тамақтану. Болашақ ананың дәруменге бай азық-түлікті тұтынуына кеңес береміз. Себебі оның иммунитеті жоғары болғаны маңызды. Пандемия жағдайына байланысты жүкті әйелдер сақтық шараларын да мейлінше ұстану тиіс. Қолды жиі жуып, қоғамдық жерде бетперде киіп жүруі керек, – дейді аудандық аурухананың гинекология бөлімінің меңгерушісі Ақтоты Тайбағарова.
Жоғарыда айта кеткендей, жүкті әйелдердің желі арқылы кеңеске жүгінетіні орынсыз болмақ. Виртуальды диагноздың барлығы дерлік оң болады деу де қиынырақ. Сол себепті қажет дәрігерге көзбе-көз қаралғаныңыз абзал.

Ақнұр САҒЫНТАЙ

08 желтоқсан 2020 ж. 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 377

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 457

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930