» » Ноутбук қызып кетпеуі үшін...

Ноутбук қызып кетпеуі үшін...

Қазір жұмыс істеуге аса қажет дүниенің бірі – ноутбук. Ары-бері алып жүргенге, кеңседе немесе үйде жұмыс істегенге де ыңғайлы. Бірақ ноутбукқа да күтім керек. Оны ұзақ пайдаланғыңыз келсе, онда кей қарапайым ережелерді ұстануды ұмытпаңыз.

Ноутбук жылдам қызып кететін болғандықтан да жұмысы ауырлай бастайды. "Тынысы" тарылады. Ол үшін не істеу керек?

1. Ноутбуктың желдеткіш саңылауы бар тұсын ешқашан бүркемеңіз. "Тынысы" тарылады деген осы жерде айтылса керек, яғни ішінде ауа дұрыс айналмайды. Сөйтіп қыза бастайды. Желдеткіш ауаны реттейді әрі қызып кетуден қорғайды. Сондықтан ноутбукты қатты, тегіс жерге қойып жұмыс істеңіз. Мамық көрпе, жұмсақ диван үстінде ноутбук жылдам қызады.

2. Ноутбуктарға арналған арнайы желдеткіш сатып алыңыз. Ол көбіне құрылғының сыртқы бөлігін салқындатуға көмектеседі.

3. Тағы бір амал – құрылғыға көп "салмақ" түсіретін бағдарламаларды қолданбаңыз. Біреуін қолдансаңыз да, бірнешеуін ашып жұмыс істемеңіз. Мұның әсерінен де ноутбук қызады.

4. Ноутбуктың желдеткіші мен желдеткіш саңылауларын үнемі тазалап тұрыңыз. Өзіңіз жасай алмасаңыз, арнайы мамандарға тазалатыңыз. Құрылғы ішіндегі желдеткіш саңылауларға шаң-тозаң толғаннан да ноутбук қыза бастайды. Тіпті "гүрілдеп" дауысы шыға бастауы мүмкін.

5. Ноутбуктың баптау процесін өзгертіңіз. Өзіңіз қолданатын құрылғының мүмкіндігін әрдайым қадағалаңыз. Көп "салмақ" түсірмейтін жолын табыңыз. Бұл да қызып кетуден сақтайды.

Ал ноутбук қызып кеткен жағдайда, онда қарапайым ғана амал – өшіру. Суығанша құрылғыны қоспаңыз.

08 желтоқсан 2020 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930