» » Абайды тану балабақшадан басталады

Абайды тану балабақшадан басталады


Таңғы уақыт. Әдеттегідей жұмысқа дайындық. Теледидар қосулы. Көгілдір экраннан кішкентай бүлдіршіннің Абайдың өлеңін мәнерін келтіріп, тақылдата оқып жатқанын көріп іштей қуандым әрі қызықтым. Теледидардың дауысын ашып, жақындай түстім. Өз перзентіммен шамалас балабақша жасындағы бөбектер. Тәтті тілімен тәлімі мол өлеңдерді тізбектей жөнелуде. Бақсам, төменде көрсетілген титрде біздің аудан мен ондағы балабақшаны көрсетіп тұр.
Иә, бөбектері Абайдың бір емес, бірнеше өлеңін жатқа оқитын балабақша – біздің мекенде. Ол ¬– кент орталығындағы «Сардарбек» балабақшасы. 10 жылдан бері бүлдіршіндерге бақыт сыйлап жүрген мекенде барлық жағдай жасалған. Бейнебақылау камерасы, интернет желісі, «Отау ТВ» орнатылған. Соңғы үлгідегі ойын атракционы да осында. Қазір үш топта 60 бала тәрбиеленуде. Қызметкерлер өз арнайы формасын киеді. Таңғы гимнастикаға бүлдіршіндер балабақшаның есебінен дайындалған бірдей формамен қатысады. Балаларды тәрбиелеуде 11 педагогикалық, 11 техникалық қызметкер жұмыс істеуде.
– Қай кезде де жаныма серік болып келе жатқан жұбайым ШаҺизада Әбдікәрімов екеуміз өмірге екі ұл, бір қыз әкелдік. Үлкен баламыз Ғани қаладағы телеарнада программист, үлкен келініміз Ұлмекен – дәрігер. Ортаншы баламыз Мұхтар министрлікте мемлекеттік қызметте, кіші келініміз Диана – Еуразия университетінің студенті. Қызымыз Фариза мен күйеу баламыз Ермек Астана қаласында банк саласында еңбек етеді. Балдай тәтті Нұрзада мен Ханзада есімді немерелеріміз күн санап өсіп келеді. Өмірге әкелген ұрпағымызға қандай қамқорлық жасасақ, туған еліміздің балаларына да сондай қамқорлық жасауды парыз деп санадық. Сол себептен де туған мекенде балабақша аштық. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша туған мекенінде балабақша салып, әулеттің мерейін әлеуметтік құндылықпен өсірген жан-жарым Шаһизаданың игі ісіне халық риза деп ойлаймын. Ауылда бірге туғандарымыз жоқ болса да, бұрын жылына бір мәрте келуші едік. Қазір уақыттың көбін осында өткізудемін. Жаңаша нәрсе болса, осы кішкентай бүлдіршіндеріме, тәрбиешілерге жеткізгенше асығып тұрамын. Біздікі тек жасаған ісіміз нәтижелі болып, қалалық балабақшалардан еш кем түспей, саналы ұрпақ өссе екен деген мақсат қана. Кей сәтте менен балабақшаның табысы қандай деп те сұрап жатады. Мен оларға бұл табыс көзі емес, рухани азық деуден жалыққан емеспін, – дейді «Сардарбек» балабақшасының меңгерушісі әрі құрылтайшысы Тұрсынкүл Желдербаева.
Балалардың құт мекені он жылға жуық уақыттан бері ата-ана мен бүлдіршіннің көзайымына айналып келеді. Ұлттық дәстүрге сай тәрбие жұмыстарымен бірге мұнда үш тұғырлы тіл де оқытылады. Дәрігерлік бекет балғындардың денсаулығын күнделікті қадағалайды. Абайтану дәрістері жүйелі жүргізіліп, «Абайды білу балабақшадан басталады», «Біз бақытты баламыз!» телевизиялық жобасына сәбилердің өздері қатысып, өнердің қыр-сырын меңгеруде. Жаңашылдық пен ізденісті мұрат тұтқан балабақша ұжымы аудан көлеміндегі тақырыптық іс-шараларға белсенді қатысады.
Бір қызығы, мұндағы сәбилер химиялық құрамы күмән туғызатын резеңке ойыншықтармен емес, мазмұны бай ағаш ойыншықтармен ойнайды. Ойыншық қоры жеткілікті әрі ұдайы жаңартылып отырады. Бұл ретте Қызылорда қоғамдық телекомпаниясы үнемі қаржылық-материалдық демеушілік көмек көрсетуде.
Ал бізді таңғалдырғаны балабақша ашылғалы бері Абайтану дәрістерінің үздіксіз жүргізілетіні. Бөбектер де үйренген. Бүгінде сайыстарда топ жарып жүрген оқушының бір легі – осы балабақшаның түлегі.
– Балабақша ашылғалы бері «Абайды тану балабақшадан басталады» жобасы жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат – бәрі Абай болу деген сөз емес, өлең арқылы жақсы қасиеттерді бөбек бойына сіңіру. Біздің алғашқы түлектер бүгінде мектептің үздік оқушылары. Балабақшада жүрген кезінде-ақ 30 шақты өлеңді жатқа оқыған өрендер де болған. Бұл – «Қоғам ТВ» арнасының телевизиялық жобасы. Тек аудан ғана емес, облыс бойынша 58 баланы қамтыған ауқымды жоба. Абайдың тойы биыл біткенімен, бұл әрі қарай да жалғасын таба бермек, – дейді балабақша меңгерушісі.
Сондай-ақ, ауыл мен қала балаларының деңгейін теңестіру мақсатында қаладағы «Күнікей» балабақшасымен келісім-шартқа отырып, ауылдағы балаларды қала өмірімен таныстырып, ойын-сауық орталығына апару да жолға қойылған. Көш ілгері бағдарламасы бар мекеннің көпке үлгі болып, әлі талай білімді бөбекті түлетері анық.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
08 желтоқсан 2020 ж. 768 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031