» » Балғындар балабақшамен қоштасты

Балғындар балабақшамен қоштасты

Өнер мен дарын жас талғамайды. Аузынан сүт дәмі кетпеген сардарбектік балғындар бүгін балабақшамен қоштасты. Балдәурен күннен оқушылық кезеңге аяқ баспақ. Балабақшаның құрылтайшысы әрі меңгерушісі Тұрсынкүл Сардарбекқызының айтуынша, биыл сегізінші түлектер тәлім ошағынан білім ұясына қоныс тепкен.
Шара барысында балалар әннен шашу шашып, аядай бөлмені бимен көмкерді. Бұғанасы қатпай жатып, мың бұралған балғындар өздерінің болашақ мамандығын бүгіннен бастап нықтаған тәрізді. Мұнда сахна төрінде Сыр жұртшылығының таңдайын қақтырар жас таланттар өсіп келеді. Тәрбиеші Альбина Тұрымова мұнда бірнеше жылдан бері еңбек етіп келеді. Абайтану үйірмесіне жетекшілік ететін жас маман әрбір бала Абайды танып өсу керек деп санайды.
– Абай – қазақтың бас ақыны. Сондықтан Абайды кішкентайынан танып өскен бала ұлтжанды болып өседі деп санаймын. Қазір һакім өлеңдерін жатқа айтып, талай додадан топ жарып жүрген ұландарымыз бар. Біз бұл үйірменің жұмысын ары қарай ширата түсеміз, – деді ол.
Қоштасу кешіне қатысқан ата-аналар да балаларының бойына сан өнерді жиып алып, көпшілік алдына шығып талантын танытқанына дән риза. Көңілдері шаттанып, тәрбиешілерге алғыс білдіріп жатты.
– Балабақша қызметкерлеріне алғысым зор. Баланың қабілетін шыңдап, талантып ашып, биікке қарай жол сілтеп отыр. Қызметте абыройлы болсын. Еңбектеріне жеміс тілеймін, – деді ата-ана Зәмзагүл Тоқшылықова.
Сондай-ақ балғындар білім бәйгесінде бақ сынап, өзара үздік анықтады. Айта кетейік, балабақша шәкірттерінің алды 7-сыныпты тәмамдады. Балғынжай әдіскері, Қуанышкүл Желдербаеваның айтуынша, олардың арасында да өнер әлемінде қанат қағып келе жатқан биші арулар мен дарынды бозбалалар жетерлік.
Дәулет ҚЫРДАН.
29 мамыр 2018 ж. 2 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031