Иіркөлде жаңа балабақша ашылды
Иіркөлдік балғындар енді жаңа балабақша табалдырығын аттайды. Бұған дейін әкімдік теңгеріміндегі көне ғимаратты паналап келген балғынжайдың қиын қыстау күндері артта қалды. Құны 180 млн. теңгені құрайтын балабақшаның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
– Елбасы тапсырған апатты және үш ауысымды мектептерді жою, балабақшамен қамтамасыз ету тапсырмалары облыста артығымен орындалды. Байқасаңыз, республика бойынша әлеуметтік салаға ең көп қаражат жұмсайтын облыс – Қызылорда. Өткені, білім саласына құйылған қаржы – болашаққа салынған инвестиция. Жаңа балабақша тәлімді тәрбиенің ұясы болатынына сенімдімін. Ендігі еңбек балғынжай ұжымына аманат, – деді облыс әкімі.
Иіркөлде ағашқы балабақша 1977 жылы ашылған. Елу балаға тәлім берген балғынжай жиырма жыл өткен соң тоқырауға шыдас бермей қайта жабылған болатын. Жұртшылық балабақша табалдырығын аттай алмай, ауылда мұқтаждық орын алған. Арада талай жыл өткен соң 2004 жылы аудан әкімінің бұйрығымен ашылған тәлім орталығы әкімшілік теңгеріміндегі көне ғимаратты паналап, қайта ашылды. Күні бүгінге дейін сұрқы қашқан нысанды пайдаланып келген тәлімгерлер енді заманауи балабақшада жұмыс істейтін болады.
– Ауадай қажет нысан еді. Бүгін оған да қолымыз жетіп отыр. Жаңа технологиялармен, құрал-жабдықтармен қамтылған. Тәлімгерлер де бұған дейін сан мәрте біліктілігін көтеріп, семинар-тренингтерден өтті. Енді алған білімдері мен жинаған тәжірибелерін осында жүзеге асырмақшы, – деді балабақша меңгерушісі Бақыт Жүсіпова.

Дәулет ҚЫРДАН.