» » ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 143 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 143 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

    Бүгін 143 қызылордалық отбасына пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды.    Естеріңізде болса, наурыз айының басында облыс әкімінің тапсырмасымен облыс көлемінде орналасқан жатақханалардың жағдайын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Аталған комиссия Қызылорда қаласында орналасқан 22 жатақхананың жай-күйін зерттеп, қорытындысымен Титов қыстағындағы №32 жатақхана ғимаратын апатты деп таныған. Осыған сәйкес, бұл жатақхананың тұрғындарын жаңа баспанамен қамту мақсатында шұғыл шаралар қабылданды.
    Нәтижесінде, бүгін Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа тұрғын ауданнан 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, басындағы жалғыз баспанасы апатты ден танылған 143 отбасына пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды.
    Жаңа баспана иелерін құттықтау үшін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты шараға арнайы қатысып, өз қолдарымен пәтер кілттерін үлестірді.
    «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы «Дәнекер», «Орион ЛТД» және «Астана сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тұрғызған бұл 5 қабатты үйлер 2 және 3 бөлмелі пәтерлерден тұрады.
    Салтанатты шарада жаңа пәтер иелерінің атынан сөз алған Раиса Ержанова: «Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына бар мүмкіндікті жасап отырған Елбасымызға және бізді осындай қуанышқа бөлеп отырған ел ағаларына алғысымыз шексіз. Бір апта бұрын жаңа баспана аласыңдар десе сенбес едім, бүгін, міне күтпеген жерден жаңа пәтердің кілтін алып бақытқа бөленіп тұрмыз. Үйіміз апатты жағдайда екенін есітігенде бойымызды үрей билегені жасырын емес. Ендігі күніміз қалай болар екен деп қатты уайымдап едік. Бұлай тез баспаналы боламыз деп тіпті ойламадық. Сіздерге үлкен рахмет, барша тұрғындардың атынан», - деп, алғысы мен қуанышын жеткізді.
    Қызылорда қаласында жыл сайын мыңдаған қала тұрғындарына пәтерлер табысталып, баспанаға мұқтаж жандардың сұранысын қанағаттандыруға бар мүмкіндік жасалынып келеді.
    Айта кетейік, бұған дейін соңғы 5 жылдың ішінде апатты үйдің тұрғындары ретінде кезекте тұрған отбасылардың мәселесі толық шешіліп 545 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізген.
14 наурыз 2018 ж. 1 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031