» » «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында әлеуметтік әлсіз топтар пәтермен қамтылады

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында әлеуметтік әлсіз топтар пәтермен қамтылады

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында әлеуметтік әлсіз топтар пәтермен қамтылады Қызылорда облысы өткен жылы апатты үйлер мәселесін толық шешкен.
Енді әлеуметтің әлсіз топтарын жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етпек. Бұл үшін арнайы жол картасы іске қосылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы негізінде жүзеге асатын жаңа бастама аясында тұрмысы төмен және жас отбасыларға берілетін пәтерлер саны 2 есеге дейін ұлғаяды.
I топ мүгедегі Зәуре Үксінбаева пәтер кезегін 9 жыл күтті. Ол тумасынан сал ауруына шалдыққан. Сондықтан тұрмысқа жайлы үйде тұрғысы келетін. Оның басты арманы өткен жылы орындалды. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 2 бөлмелі пәтерге қол жеткізді.
Зәуре Үксінбаева, Iтоп мүгедегі:
– Пәтерді ай сайын төлеп тұратын, бастапқы жарнасымен 18 жылға алып жатырмын. Ол да біз сияқты 20 жыл кезекте тұрған адамдарға көп жеңілдік. «Өз үйім – өлең төсегім» дейді ғой Жиренше атамыз. Сол сияқты бәріміз де өз үйімізде ешкімге масыл болмай, өз-өзімізге қарап, қиналмай өмір сүреміз.
Өткен жылы Сыр өңірінде «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы Зәуре секілді үй сатып алуға мүмкіншілігі жоқ 220 отбасы баспаналы болған. Биыл да мемлекеттік бағдарлама аясында 262 пәтер әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындарға арнап салынбақ. Оған қосымша облыстық бюджет есебінен тағы 250 отбасы үймен қамтылады. Бұл кешенді шарлар арнайы жол картасы аясында жүзеге аспақ.
Мұхамедиса Әлсеріков, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:
– Бұл жерде «Нұрлы жер» бағдарламасын негізге алғанбыз. Сатып алу құқымен мүмкіндік болғанша бюджеттен қаржы бөліп, 2 миллиардтан кем емес, сол қаржыға сатып алады немесе құрылыс жүргіземіз. Оған барлығы тиісті алғышарттар жасалған. Сол жағалауда оған жер бөлінген. Құрылыс жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзір. Несиелік тұрғын үйлер соғылып, оны халық алу мүмкіндігі болмай қалған жағдайда жергілікті атқарушы органдар сол қаржыға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған немесе жаңадан құрылыс жүргізуге құқы бар.
Жол картасына қатысушылар алдын ала банкте қаржат жинақтамайды және пәтерді кейіннен сатып алу құқығымен жалға алады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінбек.
Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша тұрғын үй алу кезегіне тіркелгендер 26 мыңға жетті. Оның 20 мыңдайы – облыс орталығының тұрғындары.

12 ақпан 2018 ж. 1 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031