
АБАЙ ӨТКЕН АҚБОЗ АТЫН ҚҰЙҒЫТЫП…
Парасаттың нұрын төккен әлемге, Ұлы ақындар бар ғой дара әр елде. Қазақ атын шұғыладай таратып, Абай аты тұрмақ күн боп көгімде! Тәңір оған берді өлең – от жүрек, Жан жүректе алаулайды отты леп. Абай жыры – алып ойдың кемесі, Тұрады ол мәңгібақи көк тіреп! Абай жыры – қобыз үні кернеген, Абай жыры – домыра...