» » Ауылдағы әткеншек

Ауылдағы әткеншек

Іс-сапармен ІІІ Интернационал ауылына жол жүрдік. Мақсат – ауылдан көп қылып ақпарат жинау. Нысан – оларды дүйім жұртқа насихаттау. Әдеттегіше осындағы жайсаң жандар күтіп алды. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» демей ме? Келген бойымыз сол еді жасы 60-тан асқан ел ағасы жолықты. Сөйтсек ол 1977 жылдан бері темірден түйін түйген Бүркіт Оңалбаев екен.


Электр тоғына қосылып, айналатын әткеншек жасайтынын естігенде көруге асықтық. Ол да «жүріңдер» деп ерте кетті. Үйі орталыққа жақын орналасқан. Есік алдынан құшақ жая қарсы алған зайыбы қою айранынан ұсынып жатыр. Ауылдың иісі аңқып, таза ауада демімізді бастық. Бақсақ, аулада үлкен әткеншек тұр. Дөңгелек, бір емес бірнеше адамды 220 вольтпен кәсетіп әкетеді. Ерекше тұсы – жиналмалығы. Негізінен орталық алаңға балаларға қойғысы келген. Бірақ қазіргідей жағдайға байланысты аулада тұр. Ал рахатын немерелері көруде.
– Отырыңдар! – деді дәнекерлеуші.
Әріптесіміз екеуміз балаша қуанып, бір-бір орынға отырып алдық. «Кеттік!» деген бұйрықтан соң кәнігі қаладағы әткеншектердей жүйітки жөнелдік. Бірлі-жарым қышқырып қоямыз. Уақыты бітіп тоқтағанда да түскіміз жоқ. Бірақ отыра беруге де болмайды. Қайта жұмысымызға кірісіп, ағамызды әңгімеге тарттық.
– Шағын бассейн мен оның ішінен өз суын шаша алатын фонтан жасадым. Мынау 220 вольттық жем-шөп турайтын аппарат. Су жаңа. Сатылымға шықты. Одан бөлек те дәнекерлеуге арналған түрлі құрылғы бар. Өзімнің жаныма жақын кәсіппен айналысқаныма 3 жылдай болды. Осы кезге дейін 15 шақты құрылғыны тапсырыспен жасадым. Бизнес жоспарымды әзірлеп қойдым. Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламаға қатысып, кәсібімді одан әрі дамытпақпын, – дейді Бүркіт Оңалбаев.
Бүгінде ол Мира Ахметовамен 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, өсіріп, 3 немеренің қызығына тоймай жүр. Болашаққа деген жоспары көп. Мәселен, жақын аралықта қаржылай қолдау алса, жаңа жылда орталық алаңға қойылатын үлкен шырша жасамақ. Әрине, біріншіден ол шынайы, жасыл желегі жайқалған болуы керек. Содан соң жиналмалы болып, барлық жерге оп-оңай апарылмақ.

Айнұр ӘЛИ
22 тамыз 2020 ж. 1 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930