» » » Жаңа кітапта жыл жетістіктері

Жаңа кітапта жыл жетістіктері

Жастар – болашақтың тұтқасы, әрі қоғамның қозғаушы күші. Былтырғы «Жастар жылы» көптеген жас буынның шырағын жағып, серпіліс әкелді. Тумысынан зерек, білімге құштар Нұрасыл Бекматов үшін де бұл жыл ерекше. Жақында Нұрасылдың «Жастар жылында жеткен жетістіктерім» атты өмірбаяндық жинағының алғашқы бөлімі жарық көрді.
17 жасында көрген-білгенін, оқыған-түйгенін жинақ етіп шығару екінің бірінің ойына да келмесі анық. Ол Жосалы кентінде 2002 жылы өмірге келген. №121 мектептен 9 сыныпты аяқтап, әрі қарай Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінде «Қаржы» мамандығы бойынша білімін жалғастырады. Мектеп қабырғасынан қоғамдық жұмысқа белсене араласатын ол, үлкен білім ордасында да қайсыбір іс-шараның алғы шебінде жүрді. Сондай-ақ колледж жанындағы «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының рота командирі болған. Командир болудың қандай жауапкершілікті іс екенін кітапта нақты көрсеткен. Сонымен қатар, бұл жинақта жастар жылына орай өткізілген іс-шаралардың дайындық, өткізілу барысы, Елбасымен, танымал тұлғалармен кездесудегі ішкі толқыныстар ерекше берілген. Әсіресе, өзі оқып жүрген «Көшбасшылық» кітабының авторы – Шыңғыс Мұқанмен жүздесу сәтін шебер суреттеген. Өзінің арман-мақсаты жолындағы жігерлігі мен жетістікке жетем деп алға ұмтылған өреннің жан-дүниесі сипатталған. Ой салар түрлі шытырман оқиға мен тәрбиелік мәні бар естеліктер де жинақталған. Бұл жинақтың шығуына не түрткі болғанын білмекке автордың өзін әңгімеге тарттық.

– «Жер басқанға мәз болма, артыңда із қалмаса» деген сөз бар ғой. Осыған сай, артымда із қалдыру мақсатында кітап шығару идеясы келді. Ойландым. Зерттедім. Жаздым. Дайындадым. Жарыққа шығардым. Бұрын мұндай дүниені әлеуметтік желіге пост ретінде жазатынмын. Ал оны қағаз бетіне түсіру едәуір қиындық тудырды. Алайда бастаған ісімді соңына жеткіземін деп мақсат қойдым. Жазу барысында өмірдің тәтті, уақыттың тапшы екенін ұғынғандаймын. Жинақта оқырманға қолайлы болсын деп үшінші жақты таңдадым. Қазіргі уақытта «Еріктілер жылындағы ерен еңбектер» атты өмірбаяндық жинақтың ІІ бөлімі жазылу үстінде, – дейді Н.Бекматов.


Жалпы кітап 100 данаға тапсырыс берілген. Алайда карантинге байланысты типография жұмысы тоқтатылып, оған дейін 20 данасы ғана шығып үлгеріпті. Қалғаны жуық арада шығып қалады. Кез келген кітапты дайындауда арнайы топ құрылатын болса, бұл жинақта өзгеше. Нұрасыл кітаптың теріліп, беттелуінен бастап, дизайнына дейін өзі жасаған. Бұл оның еңбекқорлығы мен жан-жақтылығын аңғартады. Ол бүгінде аудандағы жастар ресурстық орталығында кадр бойынша инспектор қызметін атқарады. «Жас келсе – іске» демекші, Нұрасылдың алға қойған мақсаты айқын, қадамы нық. Бағындырар белесі әлі алда. Ал кітап оқырманға жол тартқанда жас буынды жігерлендіріп, көп жүректі жаулайтыны анық.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА



22 тамыз 2020 ж. 1 070 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 068

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031