» » Жылға жоспар жасады

Жылға жоспар жасады

Қазақ «Жас келсе – іске» дейді. Елбасы Н.Назарбаевтың үстіміздегі жылды «Жас­тар жылы» деп жариялауының астарында үлкен мән жатыр. Оның өзіндік себебі де бар. Өйткені, қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екені ақиқат. Дамыған технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады.
Жуырда №3 «Ертөстік» бөбекжайының меңгерушісі Айткүл Әбжалиеваның ұйым­дастыруымен «Заманауи жас, қазақстан­дық­тардың бүгінгі бейнесі» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға жастар ресурстық орталығының директоры Әділ Ибрахим мен аудан балабақшаларынан жас ата-аналар қатысты. Кеш, бүлдіршіндер дайындаған қойылымнан бастау алды. Олар өнерден шашу шашып, қонақтарға көңіл-күй сыйлады. Одан кейін пікір алаңын бөбекжай меңгерушісі Айткүл Әбжалиева ашып, жастар жылында жастарға артылатын үміт пен міндеттер жөнінде ой қозғады. Шараның бір ерекшелігі еркін форматта өтті. Жиынға келген қонақтар дастарқан басында кофе ішіп емін еркін әңгімелесті. Сөз кезегін алған жастар орталығының директоры Әділ Ибрахим мемлекет басшысы жариялаған жастар жылы туралы өз ойын былай жеткізді.
– Жастар жылы, жәй жыл емес. Жастарға берілген жол деп түсінуіміз керек. Өсемін, өнемін деген әрбір жастың талабы, тілегі ескерілетін жыл. Әрине, бұл бастама өңір жастарының белсенділігін көтерері анық, – деді ол. Одан кейін осы жылда атқарылатын іс-шаралар мен жоспарын бөлісті.
– Біріншіден, жастар жылында басымдықты кадр саясатына беріп жатырмыз. Ауылдағы мамандарды скайптық режимде Астанадағы жастар ғылыми зерттеу орталығының мамандары мен тәжірибе алмасып оқытамыз. Екінші, жастар мәслихаты депутаттарының ұйымдастыруымен «Алаң» жобасын құру. Яғни, бұл ауданда және әр ауылдарда өткізіледі. Онда әкімдер мен мектеп директорлары және оқушы мәслихат депутаттары бас қосып, жас­тар арасындағы мәселелерді қозғап, түрлі тақырыпта ой бөліседі, – деді Әділ Ибрахим
Шара соңы жас ата-аналардың сауалдарына ойысып, қорытындыланды. 2019 жыл жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай.
Ерсін Сәдуұлы
25 ақпан 2019 ж. 673 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 222

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 328

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930