» » » АБАЙ ӨТКЕН АҚБОЗ АТЫН ҚҰЙҒЫТЫП…

АБАЙ ӨТКЕН АҚБОЗ АТЫН ҚҰЙҒЫТЫП…


АБАЙ ӨТКЕН АҚБОЗ АТЫН ҚҰЙҒЫТЫП…
Парасаттың нұрын төккен әлемге,
Ұлы ақындар бар ғой дара әр елде.
Қазақ атын шұғыладай таратып,
Абай аты тұрмақ күн боп көгімде!

Тәңір оған берді өлең – от жүрек,
Жан жүректе алаулайды отты леп.
Абай жыры – алып ойдың кемесі,
Тұрады ол мәңгібақи көк тіреп!

Абай жыры – қобыз үні кернеген,
Абай жыры – домыра үні тербеген.
Абай жыры – ақбоз үйдің ол түндігі,
Ояу көңілдерге ұйқы бермеген!

Абай жыры – көктегі ай сырғыған,
Абай жыры – әуезге бай нұрлы ән.
Абай жыры – кәусар бұлақ сыңғыры,
Адамдардың көкірегін нұр қылған!

Абай жыры-қзазақ жыры – қара өлең,
Қара өлеңнің қаймағынан нәр емем.
Егерде біреу мен биікпін деп есірсе,
Қара өлеңнің пайғамбары бар дер ем!

Ол Абай ғой түпсіз терең тұңғиық,
Әр жүрекке жатқан нәрлі жыр құйып.
Ел, арманын сорғалатқан өлеңмен,
Абай өткен ақбоз атын құйғытып!

АБАЙ АТА, ТЫҢДАШЫ...
Шындық іздеп шырғалаң,
Мен де жүрген бір балаң.
Абай ата, тыңдашы,
Не боп кетті бұл ғалам?!

Бірін-бірі «қырт» десіп,
Кей жігіт жүр құр бөсіп...
Дүниенің жалпағын,
Ойланбай-ақ жүр кешіп...

Өтірік, өсек – баққаны,
Даңғаза тобыр қаптады.
Керуен жоқ та ит үріп,
Ырылдасып жатқаны...

Түйсік, ойдан қашықтап,
Өз пайдасын басып қап.
Сыбайлас жемқор ол шықты,
Жаулығын жұртқа ашық сап...

Ұлықтар шығар тепсініп,
Жұрттан іздеп кемшілік.
Екі асап емес, жүз асап,
Жемқорлық тұр дүрсініп.

Жақсының сөзі лезде өліп,
Жаманның сөзі безденіп.
Ит көргендей кей жастар,
Барады ешкі көзденіп...

Инабат, әдеп ұмытылып,
Қыз шығады жұлқынып.
Ұл шығады бұлқынып,
Мұны айтар жұрт біліп...

Бәрі білгір, ақылман,
Ақшаға бола сатылған.
«Жаңа қазақ» көбейді,
Серіппедей атылған.

Тауға, тасқа бас ұрып,
Шындық іздеп аһ ұрдық.
Абай ата, тыңдашы,
Не деген бұл тасырлық?!

Сөзіме бұл таң қалма,
Түрші құлақ, жан баба?
«Сабыр түбі – сары алтын»,
Деп айтарсың паңдаңа.

Жайымды ұқшы тыңдарлық,
Иә, керек рас, сабырлық.
Тәуелсіздік орнаған,
Болашағым – бағым нық!

Аман болсын, тілім деп,
Берік болсын, ділім деп.
Міндеттімін баруға,
Болашаққа күлімдеп!

Абай ата, тыңдашы,
Қабақ шытып, сынбашы.
Жеткізбейді оп-оңай,
Алатаудай шың басы!

Жамандыққа батыл боп,
Жақсылыққа жақын боп.
Сөз семсерін сермейін,
Шамам келсе ақын боп!

Көк байрағын көтерген,
Қиындыққа еті өлген.
Елім барда, Ер барда,
Налымайын бекер мен...
Налымайын бекер мен!

Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ





22 тамыз 2020 ж. 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 083

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031