Абай дара


Лауазым даңқыменен елге мәлім,
Абай ойшыл әрі ақын, әрі ғалым.
Ғасырларда дүниеге бір келетін,
Туымына теңеу жоқ нағыз дарын.

Абайдай ақын бар ма дара туған?
Өлеңнің рухынан жаратылған.
Дүниеге талай ақын келіп кеткен,
Абайдай көрінбейді дара тұрған.

Жазушы Мұхтар жазған Абай жолын,
Шақырып бірлігіне туған елін.
Алматының төрінде ескерткіші,
Абай тұр "қазағым" деп сермеп қолын.

Омбыға талай жылдар Абай барған,
Білген бар айтылғанда емес жалған.
Орыстан өнер-білім үйренсін деп,
Оқы деп қазағыма кітап алған.

Абайдай оқып білім аламыз да,
Өлген жоқ, рухы тірі арамызда.
Абайдың еңбектері тарап кеткен,
Ағылшын, орыс, түрік арасында.
Ішінде ақындардың – Абай дара,
Түсініп өлең сөзін оқып қара.
Тойының 175 жылдығына,
Әлемге аты шыққан Абай ғана!

Абдулла БАЙКЕНЖЕЕВ,
Иіркөл ауылының тұрғыны


23 маусым 2020 ж. 951 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 227
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031