» » » Абай дара қазақта

Абай дара қазақта

ЖОСАЛЫ, 4 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын тойлау қарсаңында Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы халықтың жүрегіне ой салды. Осы орайда тың идеялар мен жақсы бастамалар көпшілік жүрегіне жол тартты.
Абай – қазақтың маңдайына біткен қайталанбас шоқтығы биік тұлға. Бала Абайдан дана Абай дәрежесіне көтерілуі – оның азаматтық келбетін ерекшелей түседі.

Абай Құнанбаевтың қандай шығармасы болсын, қай жағынан қарасақ та қазақтың жыры, халықтың мұңы, ұрпақтың болашағы мен мұндалап тұрады.
Естелік пен есерлік, жалқаулық пен еңбексүйгіштік, надандық пен білімпаздықтың арасындағы ерекшелікті ұрпаққа ұғындырумен болды. Ақын өлеңдері мен қарасөздері терең мағына мен философияның шоғырланған ошағы. Қарапайым мысалдары арқылы да заманның жылпос, сұрқия тұстарын астарлы әзілмен шымшылауы әдебиетке әкелген тың өріс.
Президенттің мақаласындағы "Мәдениеттің тұлғасы" бөліміндегі А.Құнанбаевтың әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің бірі екенін айта келе, Қазақстан бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет екенін айтты. Олай болса, Абайдың ұлылығын ұлықтау, оны насихаттау барша қазақ халқының қолындағы дүние.

Ұлпан ИБРАИМОВА,
№26 мектептің мұғалімі
04 ақпан 2020 ж. 869 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031